• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Наурыз, 2020

Тұрақтылық пен демократия кепілі

206 рет
көрсетілді

Биыл респуб­ли­ка­ның қазіргі қол­­да­ныс­­та­ғы Конс­ти­ту­ци­ясының қабыл­дан­­ғанына 25 жыл то­лады. Осы атаулы дата қар­са­ңында Ақтөбе қаласында ғылыми-тә­жірибелік конференция өткізіліп, оған Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Консти­туция­лық кеңестің мү­ше­лері және бірқатар елімізге танымал ға­лымдар, сондай-ақ әділет, құқық қорғау органдарының жетекшілері қатысты. Қатысушылар көр­ші­лес Ресейден де келді.

Ата Заңымыздың ел өміріндегі атқа­ра­тын баға жетпес маңызы мен рөлі жөнін­де айтылған ой-пікірлер мен тұжы­рым­дар­дың басты желісі төмендегіше өрбіді.

Қай мемлекетте де оның әрбір аза­ма­тының ерік-жігері мен таңдауы сол елдің бас­ты заңы аясында жүзеге асады. Бұл тұ­жы­рымның еліміздің Ата Заңына да тіке­лей қатысы бар. Конституция қағи­дат­тары сақ­талған, аяққа басылмаған, құр­мет­тел­ген әрі ұдайы назарда болған мемлекетте ғана саяси тұрақтылық пен берік ахуал орны­ғады. Еліміздің қазіргі саяси-эко­но­микалық даму деңгейі осындай саяси құн­дылықтарға сәйкес деп айтуға болады. Мұның басты арқауы республиканың 1995 жылы қабылданған Конституциясынан тамыр тартады. Еліміздің басты заңының мем­лекет пен қазақстандық қоғамның да­муын­дағы рөлі қашан да жо­ғары.

Қазіргі кезде ел Конституциясы барлық ұлт­тық құндылықтар мен азаматтық қадір-қасиет­тің негізіне айнала алғаны анық. Сонымен бірге Ата Заң мемлекеттіліктің бастауы мен біртұтастығының қайнар көзі ре­тінде де орнығып келеді. Қазір республикамызда оны тұрақтылық пен демократия кепілі ретінде қабылдайтын аза­маттардың қа­тары жылдан-жылға өсіп келеді. Сон­дай-ақ еліміздің тыныс-тір­шілігіне өрелі өзге­рістер әкеле білген 1995 жылы қабыл­дан­­ған Қазақ­стан Кон­сти­туция­сының құ­ры­­лымы мен жобасы қалай әзір­ленгені де ел азамат­та­ры­ның жадында жүр­се, мұ­ның ешқандай артықшылығы бол­мас еді. Кон­фе­ренция кезінде бұл мәселе жөнін­де де та­нымдық әсері мол әңгі­мелер қоз­ғал­ға­ны басқосудың маз­мұ­нын одан әрі көте­ре түс­ті.

Міне, осылайша арада 25 жыл өткен кезде төл Конституциямыздың басты ере­же­­ле­рі мен тармақтары аясында азамат­тар­дың елімізде өмір сүру мен еңбек ету және дем алу мен денсаулықтарын күту сапасы әл­де­­қайда жақсара түскені кәміл. Сонымен бір­ге осы уақыт аралығында ұлтқа пайдасын тигізе алатындай тиімді экономика те­тік­тері жасақталып, демократиялық қо­ғам­­­ның негіздері қаланғаны да Ата Заңы­мыз­­дың тигізген шапағаты деуге толық негіз бар. Сөйтіп Ақтөбеде өткізілген кең ты­нысты конференция республика Кон­с­титуциясының ерек­ше­ліктерін егжей-тегжейлі тарқатып берді.

 

АҚТӨБЕ