• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2013

Шығыс Қазақстандағы қар көшкіні жолдарды жауып тастады

392 рет
көрсетілді

 

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Шұбарағаш ауылы маңындағы таудан 3 мың текше метрдей қар көшкіні түсіп, елді мекендерді жалғастыратын жолды су басып қалды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

«Бір түнде қар көшкіні тағы 5 метрге дейін көтерілді. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел жүру қаупі туып тұр. Сондықтан айналма жол мәселесін салуды қарастырудамыз», - дейді аудан әкімінің орынбасары Жанболат Тыныбеков.

«Қазселденқорғау» және «Қазгидромет» мамандарының таратқан мәліметіне жүгінсек, жаңбырдың әсерінен Үлбі, Бұқтырма, Тұрғысын, Күршім және Қалжыр өзендерінің суы көтерілуі мүмкін. Сондықтан олар тұрғындарға таулы жерлерге шықпауға кеңес береді.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар