Облыс көлемінде өткен жедел іздестіру шаралары барысында Жітіқара қаласында тұратын 25 жастағы ер адамның үйінен 693 грамм есірткі табылды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдіктінің пәтерінен жасыл түсті зат толтырылған 11 түйіншек пен электронды таразы тәркілеген. Химиялық сот сараптамасы жасыл түсті түйіншектердің ішіндегі заттың гашиш есірткісі екенін анықтап отыр. Пәтерге тінту жүргізген полицейлер керует астынан 12 калибрлі аңшы мылтығын тапқан.
Қазір күдікті қамауға алынды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ҚК 297 бабының 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді облыстық ПД бастығының кеңесшісі Елена Кашарина.
Облыста жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 4 келіден астам есірткі заттары тәркіленген.
Қостанай