Бүгін Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және тынық мұхиты аймағы турнирінің жартылай финалы өтіп жатыр.
Күндізгі сессияда қазақстандық боксшылардан екінші болып шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов (69 кг) үндістандық боксшы Викаш Киршаннан жеңіліп, турнирдің финалына шыға алмады. Дегенмен қандасымыз Олимпиадаға іріктеу турнирінің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, отандасымыз жарыстың жартылай финалына шығып, Токио Олимпиадасын жолдама иеленген болатын.