• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиі талқыланды

179 рет
көрсетілді

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығында Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындары ғалымдары және кәсіптік-техникалық ұйымдары оқытушыларының қатысуымен қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі әліпбиін жетілдіру мәселесі талқыланды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар латын графикасына негізделген әліпби жобасындағы кейбір дыбыстардың таңбалануын қайта қарастырып, олардың жазылым мен оқылымындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерттеді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары қатысты. Талқылау нәтижесінде отырыс мүшелері латын әліпбиінің умлаут нұсқасын қолдады.