• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Елбасы 10 Наурыз, 2020

Елбасы Мәскеудегі «Н.Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесіне қатысады

232 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасына келді.

Сапар барысында Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін «Н. Назарбаев - еуразиялық интеграцияның сәулетшісі» көрмесінің салтанатты ашылуына қатысады.

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрменің басты мақсаты – еуразиялық ынтымақтастықтың пайда болуы мен даму тарихындағы Н.Назарбаевтың рөлі мен идеяның жаңа жаһандық өлшемдегі даму перспективаларын көрсету.

Келушілерге Елбасы кітапханасының мұрағат, кітап және музей қорларының материалдары ұсынылады. Көрме «Қазақстан - Ресей: мемлекетаралық қатынастардың стандарты», «Еуразиялық одақ: идеядан тәжірибеге» және «Болашақтың зияткерлік ұлты» атты үш бөлімнен құралған.