ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин сейсенбі күні Хубэй провинциясындағы Ухан қаласына барды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
ҚХР Төрағасы COVID-19 жаңа коронавирус пневмониясы өршіп тұрған қаладағы «Хошэньшань» ауруханасына инспекция жасау үшін барған.
Си Цзиньпин аурухананы пайдалану, науқастарды қабылдау және емдеу жағдайымен, медицина қызметкерлері үшін қорғаныс шараларымен, сондай-ақ эпидемияға қарсы күреске бағытталған ғылыми зерттеулермен танысты.
Сондай-ақ ол онда емделіп жатқан науқастарды аралап, эпидемиямен күндіз-түні күресіп жатқан медицина қызметкерлерімен амандасты.
Айта кетерлігі, «Хошэньшань» - COVID-19 науқастарын емдеу үшін арнайы 10 күн ішінде салынған мың орындық уақытша аурухана.