• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 11 Наурыз, 2020

Қазақстандық таеквондошылар рейтингтік «Belgian Open G-2» турниріне қатысады

172 рет
көрсетілді

11 наурыз күні Бельгияның Ломмел қаласында таеквондодан рейтингтік «Belgian Open G-2» жарысы басталады деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған додаға Қазақстан құрамасынан 13 спортшы қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілген ұпай сандары Олимпиадалық рейтингке қосылады.

«Belgian Open G-2» турниріне қатысатындар: Елдос Ысқақ, Әлімжан Серікбаев, Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Абдусамат Лес, Нұрқанат Қожахмет, Нұрлан Мырзабаев, Рахым Әділхан, Смайыл Дүйсебай, Руслан Жапаров, Денис Жансель, Самат Темірхан.