Бүгінде облыс жұртшылығының төрттен бірі спорт және дене шынықтырумен тұрақты айналысып, саламатты өмір салтын серік еткен. Олардың арасында Қызылжар өңірінің 295 айтулы спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, байрақты бәсекелерде 200-ден астам медаль еншілеген.
Бүгінде облыс жұртшылығының төрттен бірі спорт және дене шынықтырумен тұрақты айналысып, саламатты өмір салтын серік еткен. Олардың арасында Қызылжар өңірінің 295 айтулы спортшысы ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, байрақты бәсекелерде 200-ден астам медаль еншілеген.Биыл мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «Үміт» арнайы клуб және Лондон Жазғы олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров атындағы велоклуб ғимараттары пайдалануға берілді. Енді 1 мың орынды мұз айдыны мен жеңіл атлетика манежі бар спорт кешенін салу көзделіп отыр.
Өңір басшысы Самат Ескендіров спорт саласын дамытуға зор үлес қосып жүрген бір топ жерлестерімізді қабылдап, түрлі сый-сияпат көрсетті. Солардың бірі –велоспорттан әлем чемпионы Алексей Луценконың жаттықтырушысы, спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттағы велоспорт бөлімшесінің аға жаттықтырушысы Виктор Потаповқа және А. Винокуровтың жеке жаттықтырушысы, оның атындағы велоспорт клубының директоры Сергей Кручинаға су жаңа «Skoda Octavia» жеңіл көлігінің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. «Үміт» клубының директоры Вячеслав Латышев арнайы жабдықталған «ГАЗель» автокөлігіне ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».