• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2020

Қызылорда: Ауылда МЖӘ аясында дәрігерлік амбулатория салынады

166 рет
көрсетілді

Арал ауданындағы Шижаға елді мекенінде мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында дәрігерлік амбулатория салудың дайындығы басталды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осы елді мекендегі жұмыс барысымен танысты. Мердігер компания «Алемстрой-1» ЖШС өкілдерімен кездесіп, құрылыстың сапалы жүргізілуін тапсырды.

Қазір жер тегістеліп, қажетті материалдар тасымалдануда. Жақын ғимарат іргетасы қалана бастайды.

 

Соңғы жаңалықтар