• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2013

Қала күні атап өтілді

420 рет
көрсетілді

Петропавл қаласының іре­тасы қаланған күн жұрт­шылықтың белсене қатысуымен атап өтілді. Мере­келік шеру Қарасай батыр атындағы стадионда басталып, жергілікті театр әртістерінің ойын-сауық бағдарламасымен ашылды.

Петропавл қаласының іре­тасы қаланған күн жұрт­шылықтың белсене қатысуымен атап өтілді. Мере­келік шеру Қарасай батыр атындағы стадионда басталып, жергілікті театр әртістерінің ойын-сауық бағдарламасымен ашылды.Шаһардың бұрынғы өмірінен сыр шертетін көріністер әсем жарасым тапты. Той-думан одан әрі демалыс жә­не мәдениет саябағында жал­ғасып, бүлдіршіндер Ала­таудың баурайынан келген Қазақ мемлекеттік циркі мен Мұтырғановтар әулетінің өнер­лерін қызыға тамашала­ды. Орталық көшелерде сап түзеп өткен спортшы­лар, велосипедшілер, өнер ұжым­дарының шеруі ұмытыл­мас әсер қалдырды. Мерекелік шаралардың бірі – ресейлік әншілердің «ХХI ғасыр тенорлары» арт-жобасын тамашалау­шылар қатары қалың болды.

С.Мұқанов атындағы кітапхана алдында қаланың үздік шахматшылары күш сынасса, тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері ашық аспан астында көрме ұйымдастырды. Көкшетау, Павлодар, Ресейдің Қор­ған қалаларының көркем­өнерпаздары «Біз саған ән саламыз, Петропавл!» концерттік бағдарлама, ал жергілікті жас­тар флеш-моб ұсынды. Пестрое көлі жағасында орналасқан «Солтүстік жұлдызы» саяба­ғына он мыңдай адам жиналып, түрлі мәдени, спорттық сайыс­тарды қызықтады.

Петропавл қаласы күні­не арналған мерекелік шара отандық эстрада жұлдыз­дарының концертіне ұласып, файер шоу және отшашумен аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы.