• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2020

Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірін белгісіз адамдар өртеп кеткен

655 рет
көрсетілді

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

5 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғындардың бірі Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгені туралы полицияға хабарлаған. Сондай-ақ ол бұзақылардың үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткенін айтқан.

Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіруде.

Айта кетейік, Ақмешіт үңгірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын мұнда 70 мыңнан аса турист келеді.