• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Наурыз, 2020

Моңғолия Қазақстан, Ресей және Түркияға қатынайтын жолаушылар рейсін тоқтатты

157 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай бойынша 11-28 наурыз аралығындағы Мәскеу, Ыстанбұл және Нұр-Сұлтанға бағытталған әуе рейстері тоқтатылған.

Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, бір әуе компаниясы рейстер тоқтаған кезде шетелдегі моңғолдарды елге қайтарумен айналысады. Сондай-ақ кездесу барысында Моңғолия азаматтарының Ресейге Моңғолия-Ресей автожолы арқылы өтуіне уақытша тыйым салу және 31 наурызға дейін шетел азаматтарының Ресей арқылы кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылданған.

Одан бөлек, 28 наурызға дейін Ұлан-Батыр – Иркутск – Ұлан-Батыр, Ұлан-Батыр–Мәскеу – Ұлан-Батыр бағытындағы теміржол бағыттарында жұмыс тоқтады. Ақпанның соңында Моңғолия Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Гонконг және Тайваньға рейстерін тоқтатқан.