• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2020

Қостанайда темір сынықтарын өңдеу зауыты салынады

522 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.

– Ірі жобаны «Оператор РОП» серіктестігімен бірлесе отырып жүзеге асырамыз. Бұл ескі автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын қабылдап, метал сынықтарын қайта өңдейтін зауыт болады. Зауыт Қарағанды үлгісінде жасалады. Таяуда ғана қос тарап өзара келіссөз жүргіздік. Алдағы  аптада серіктестік басшылары Қостанайға келеді. Меморандумға қол қоямыз. Зауыт Қостанайдағы индустриялық аймақта салынатын болады. Оның үстіне, бізде қазір ауыл шаруашылығы машиналарын жасау жақсы дамып келеді. Ескі техниканы қайта өңдеуге мүмкіндік бар. Кәсіпорын арзан, небары 2-3 млрд теңге тұрады. Бұл мәселені біз Үкімет деңгейінде де талқыладық, - деді әкім.

Жалпы, Қостанай облысындағы полигондарда жыл сайын 250 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналады. Оларды қайта өңдеп, геотекстиль, геокомпозит, газ және су жіберетін полиэтиленді құбыр, төсеніш тас, құдық қақпалары, жұмыртқа ұяшықтары сияқты 10 түрлі өнім шығаратын 6 кәсіпорын бар.

 

Қостанай