Қызылордалық полицейлер бірнеше дүкенді тонаған ұрыны ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел қимылы арқасында бір түнде аудан орталығында орналасқан екі дүкенге ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды. Ол 10 наурызда түнгі сағат 03.30 шамасында дүкендердің есік құлпын бұзып кіріп, ақша ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 310 мың теңге болып отыр. Заттай дәлелдеме ретінде балта, пышақ, қолшам және ұрланған ақша алынды. Күдіктінің басқа да ұрлықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, барлық фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.