Қызылордада латын негізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты жалпыхалықтық талқылау отырысы болды.
Республикалық ашық талқылау аясында өткен шарада осыған дейінгі басқосуда Ұлттық комиссия жанынан құрылған жұмыс тобындағы ғалымдар мен мамандар ұсынған 3 нұсқаның ішіндегі умлаутты нұсқа қолдау тапқаны, бұл жолы соған байланысты кейбір ұсыныстар пысықталатыны айтылды. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, тілдерді оқыту орталығының мамандары қатысқан отырыста орфографиялық жұмыс тобы әзірлеген әліпбидің жетілдірілген нұсқасы талқыланды. Филология ғылымдарының кандидаттары Аман Абасилов пен Болат Боранбай мәселеге орай ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Облыста өткен талқылаулар барысындағы мамандар пікірі, ұсыныстары Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жолданады.
Қызылорда