• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Наурыз, 2020

Коронавирус Кубаға жетті

160 рет
көрсетілді

Кубада коронавирустың алғашқы оқиғалары расталды. Індет белгілері 9 наурыз күні Гавана әуежайына ұшып қонған 4 итальяндық туристен анықталған.

Кеше, 11 наурызда жергілікті Ұлттық зертхана төрт туристің үшеуі коронавируспен ауырғанын растады. Қазір олардың денсаулығына еш қауіп жоқ .

Айта кетейік, кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты жаһандық пандемия деп жариялады. Әлемнің 100-ден астам елінде 120 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған, оның көпшілігі аурудан айықты. 4 мыңнан астам адам көз жұмды.