Геннадий Головкин Бокстан Олимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
- Бокстан Олимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстан құрамасын құттықтаймын. Иорданияда жемісті жұмыс атқардыңыздар! Әрбір спортшы үшін өз елін ұсыну қаншалықты маңызды екенін білемін. Токиодағы ойында сіздерге жанкүйер боламыз, - деп жазды Геннадий Головкин Twitter парақшасында.
Айта кетейік, іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстандық боксшылар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тоғыз лицензия жеңіп алды. Ерлер командасында сегіз лицензия болса, әйелдер командасында қазіргі уақытта бір лицензия бар .