Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын 83 жастағы желаяқ Аққоян Ырсалиев Түркияның Анталия қаласында өткен марафонның жеңімпазы атанды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Халықаралық жарысқа жергілікті желаяқтармен бірге Франция, Германия және біздің мемлекеттен спортшы қарттар қатысқан. Жалпы саны мыңнан астам марафоншылар арасында жүгіруді жастайынан жанына серік еткен Аққоян Ырсалиев дара шығып, алтын медаль иеленді.