• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Наурыз, 2020

Пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталмады - министр

177 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

 

«Бізде әртүрлі сипаттағы пневмониямен ауырып жатқандар бар. Ауру жұқтыру қаупі жоғары мемлекеттерден келгендердің ішінде эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызылғандар да бар. Қазіргі уақытта 96 адам әртүрлі ауру белгілерімен ауруханада жатыр. Оның 46-сы ем алуда. Олардың бәрі міндетті түрде коронавирус инфекциясы бойынша тексеріледі. Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ», деді Елжан Біртанов.