• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 12 Наурыз, 2020

Қостанай облысында жойқын жол апатынан 1 адам қаза тапты

742 рет
көрсетілді

Кеше сағат 16.30-дар шамасында Әулиекөл-Сұраған бағытындағы тас жолдың бойында ВАЗ-21124 автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып оң жақ жолаққа шыға бергенде қарсы келе жатқан Nissan  Primera көлігімен тура соқтығысқан. Қарсы бетке шығып кеткен көліктің ішіндегі 59 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екі автокөлікте отырған 7 жолаушы әр түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

- Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция көлік жүргізушілерді қолайсыз ауа райы кезінде жолда сақ болуға шақырады. Әсіресе, алдыңғы көліктен озу, жол шетінде тоқтап тұрған көлікті айналып өту кезінде абай болған жөн, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басталғалы Қостанай облысында жол апатынан 9 адам қаза тауып, 79 жолаушы жарақат алған.

ҚОСТАНАЙ