Балабақшалар жұмысын жалғастыра береді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Сондықтан балабақшалардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Коронавирус анықталған жағдайда жедел шаралар қабылданады», деді министр.