Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тергеуге алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Агенттік Руслан Мамуновқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша тергеуді бастады. Қазір ол Нұр – Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің тергеу изоляторында отыр. Екі айға қамалды. Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр. Өзге ақпаратты бере алмаймыз», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов.