Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде медициналық масканың жетіспеушілігі байқалып тұр. Осыдан да Қызылордадағы «Далатекс» ЖШС маска шығаруды қолға алды. Бұл туралы компания басшысы Ділмұхамед Абызов хабарлады.
Қазір компания тәулігіне 10 мың дана маска шығаруда. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына жіберіліп жатыр.
Жалпы, коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және еліміздің негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында жедел штаб құрып отыр.
Жедел штаб бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді, импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемаларды дер кезінде анықтайды. Күнделікті мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлейді.