• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2020

Сарығаштың құлпынайы сәуірде піседі

280 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында "Абдураман» шаруа қожалығы осыдан 7 жыл бұрын 10 соттық жерге құлпынай егуді бастаған. Жыл сайын нәзік дақылды өсірудің қыр-сырын меңгеріп, мол пайдаға кенелген қожалық бүгінде құлпынай көлемін 18 гектарға жеткізіп отыр.

Былтырғы жылы қожалық бас-аяғы 150 тонна өнім алған. Өндірілген өнімді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларымен қатар, көршілес аудандарда саудалапты. Сәуір айында алғашқы өнімін бере бастайтын құлпынай алқабында қазір 30-ға жуық жергілікті ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. «Біз көп іздендік. Шетелдерге шығып, Сарыағаш ауданының климатына қолайлы сорттарды әкелдік. Өткен жылы жалпы құны – 50 млн теңгені құрайтын жоба аясында 18 гектар жерге тамшылатып суару әдісін ендірдік. Бұл жоба толық іске асса, жылына 350 тонна өнім алуға болады. Сондай-ақ, 45 адамды жұмыспен қамтитын боламыз», – дейді қожалық төрағасы А.Шымбергенов.

Алдағы жылдары қожалық құлпынайды жылыжайда өсіріп, 6 ай бойы өнім алуды жоспарлап отыр.