«Допинг» арнайы жедел іс-шарасы барысында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүріс-тұрысы күдікті көрінген азаматты тоқтатып, тексеру барысында оның киімінің қалтасынан қағазға оралған ерекше исі бар шөп ұнтақтары алынды.
Сараптама қорытындысы оның кептірілген марихуана екенін анықтаған.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша бүгінгі күні күдіктінің үстінен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297-бабының 2- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.