Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экономика мен геосаяси ахуал күрделі кезеңге аяқ басуына орай Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.
«Әлем жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңіне аяқ басты. Қазақстанның алдында мүлдем жаңа талаптар жағдайында экономиканың орнықты даму режимін сақтау міндеті тұр. Үкімет түбегейлі өзгерістер жоспарын әзірлеуі тиіс» деп жазды ол.