Бүгін Қызылордада республикалық «Жолда қабылдау» акциясы басталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықпен байланысты нығайту үшін жүргізіліп жатқан акция облыстың барлық ауданында және облыс орталығында өткізілуде.
Шараның алғашқы күнінде 50-ге жуық тұрғын түрлі мәселелер бойынша мамандардан кеңес алды.
Облыс және қала тұрғындары департаменттің әлеуметтік парақшалары мен «жедел желі» арқылы сауал жолдай алады.