• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Наурыз, 2020

Өткен тәулік бойынша 361 азамат бақылауға алынды - Е.Біртанов

137 рет
көрсетілді

Елжан Біртановтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі шетелден келген азаматтарды бекітілген протоколға сәйкес 3 топқа бөліп, мониторинг жүргізіп жатыр.

«Қазіргі күнде жалпы топтардың ішінде 1786 азамат мониторингке алынған. Олардың арасында 1А тобында карантинге 1270 азамат жатқызылды. 1Б санаты бойынша 268 азамат үйлерінде оқшауланған. Ал екінші категория бойынша 248 азамат үйлерінде медициналық қызметкерлердің бақылауында», деді Денсаулық сақтау министрі.

Е. Біртановтың мәлімдемесіне сәйкес, жалпы өткен тәулік бойынша 361 азамат мониторингте болған. 

Осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адамның анықталғаны мәлім болды.