• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2020

Қызылорда: Аралдықтар сенбілікке шықты

252 рет
көрсетілді

Аралдықтар аудан орталығы мен елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығына сәйкес сенбілікке шықты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді тазалады.  

 Арал қаласының өзінде ғана тазалық жұмыстарына 1340 адам, 8 техника жұмылдырылды. Қала көшелерінен 520 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды.