• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Наурыз, 2020

Қазақстанда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды (видео)

1284 рет
көрсетілді

Жаңа 1 жағдай Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді. 

«Коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны тоғызға жетті. Германиядан ұшып келген 2008 жылғы қыз баладан табылды» деді Диас Ахметшәріп.

Барлығы Қазақстанда 9 жағдай, Алматы қаласында - 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 644 адам, үй карантинінде 628 адам жатыр.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 537 адам алынды, оның ішінде 1а санаты бойынша – 1 мың 626, 1б санаты бойынша – 564, 2- санат бойынша – 347 адам. Мониторингке алынған 2 мың 537 адамның 480 бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2057 адамға мониторинг жүргізуде.

Еске салсақ, бүгін 15 наурыз күні елде жаңа 3 жағдай тіркелді.