• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Наурыз, 2020

Түркістан: Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысы тоқтамайды

212 рет
көрсетілді

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты Түркістан қаласы әкімі Рашид Абатұлының төрағалығымен жедел штаб жиыны өтті.  

Түркістан қаласы аумағында төтенше жағдай уақытында қауіпсіздік шаралары жүйелі жүргізіледі. Мысалы, тойханалар, театр, көрме сынды халық көп шоғырланатын орындар қызметін тоқтатып, оны қадағалау полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Базарлар жұмыс істегенімен, дезинфекциялау және тазалық жұмыстары күшейтілетін болады. Жарлыққа сай азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу-істемеу шешімі әрбір жергілікті атқарушы органға тапсырылған. Бұл орайда қала әкімі азық-түлік дүкендері және дәріханалардың жұмысы тоқтамайтынын айтты.