Коронавирус инфекциясына байланысты Қазалы ауданында қауіпсіздік шаралары қолға алынуда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері тиісті сала мамандарымен бірге «Қазалы керуен» автобекеті мен Әйтеке би кенті – Қызылорда қаласы бағытында қатынайтын автобустарға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.