• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2020

Президент: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артады

157 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына үндеуінде айтты.

«Бизнесті несиелендіру деңгейінің төмендеуіне жол беруге болмайды. Ішкі нарықты толтыру және өндірісті ынталандыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артатын болады» деді Президент.

Сондай-ақ ол дүрбелең кезінде бағаның жоғарылауына жол берілмейтінін айтты. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер бұл мәселені қатаң бақылауға алады.