• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 16 Наурыз, 2020

Президент Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған Жарлыққа қол қойды

210 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайға байланысты телевизия арқылы жасаған үндеуінде айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл құжат мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыруға, биліктің вертикалін нығайтуға және дағдарыс жағдайында, оның ішінде, қажет болса, салық саласында барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

- Жарлық дәрі-дәрмектер мен басқа да құралдарды жеңілдетілген тәртіппен, негізінен отандық өндірушілерден сатып алуға құқық береді. Осылайша, біз қымбат уақыт пен қаражатты үнемдейміз, бұл қалыптасқан төтенше жағдайларда өте маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.