Қауіпті вирустың алдын алу мақсатында қаладағы қоғамдық көліктер күніне үш мезгіл: Таңертең, түсте және кешке зарарсыздандырудан өтеді. Бұл жайында қалалық жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов короновирусқа қарсы жүргізілетін шаралар туралы жиында айтты.
-Наурыздың 6-нан бастап қоғамдық көліктерде зарасыздандыру жұмысы жүргізілуде. Көліктер тізімін көлік басқармасына бердік. Жолаушыларды тасымалдау ережесіне сәйкес, олар таңертең түсте және кешке тазалық жұмыстарын жүргізеді,- дейді Серікқали Жұманов.
Семей ақпараттық орталығының мәліметінше, ссындай жұмыстар жуық арада әуежай мен автобекеттерде де қолға алынбақ.
Семей