• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Наурыз, 2020

Футболдан Қазақстан Премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды

348 рет
көрсетілді

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші Лиганың және Екінші Лиганың матчтары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдайға байланысты тоқтайды.  

Адамның денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмау қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірінші кезектегі міндеттер болып табылады. Біз барлығын сабырлы болуға және барлық алдын-алу шараларын қабылдауға шақырамыз. Матчтардың өтетін күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.