*«Бизнестіңжолкартасы - 2020» бағдарламасынакезектіөзгерістеренгізілуде.Олардың алғашқы екі пакетінде жобаларды қарастыру үдерістерін жеңілдетуге назар аударылса, үшінші-төртіншісінде негізгі екпін шағын және орта бизнесті, кішігірім жобаларды қолдауға бағытталды.
*«Бизнестіңжолкартасы - 2020» бағдарламасынакезектіөзгерістеренгізілуде.Олардың алғашқы екі пакетінде жобаларды қарастыру үдерістерін жеңілдетуге назар аударылса, үшінші-төртіншісінде негізгі екпін шағын және орта бизнесті, кішігірім жобаларды қолдауға бағытталды.
*Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жылда 2,5 жылға ұзарды. Мұны мәлімдеген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2015 жылға қарай бұл межені 70 жасқа дейін көтеру көзделіп отырғанын айтты.
*Астанада екі қабатты экскурсиялық автобустар қатарға қосылды. Осыны өмірге енгізген «Astana Bus Tours» жобасы Астана әкімдігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арқылы жүзеге асуда.
*Алматыда биыл білім беру саласына қала бюджетінің 20 пайызы бөлінді. Осыған орай саланы дамытуға 57 млрд. теңге берілетінін кеше өткен тамыз кеңесінде қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
*Маңғыстау облысының табиғатты қорғау шараларына 213,2 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы баяндаған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өңірдегі Қошқарата жасанды көліндегі сұйық фаза деңгейін тұрақты ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.
*Шығыс Қазақстан: ауа райы қателесуді кешірмейді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Зырян ауданына сапарының негізгі ұраны осы болып, ол өңірдегі қысқы жылыту маусымына дайындық, егін жинауды сапалы аяқтау және әлеуметтік нысандар құрылысын қарқынды жүргізу мәселелерін қамтыды.
* Оңтүстікте жыл басынан бері 302,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Облыста бұл саладағы жетістіктің 26,1 пайызын тау-кен өндіру саласы құрап, ондағы өсім 79,1 млрд. теңгеге артты.
* Қостанай колледждері студенттердің 3 млн. теңге стипендиясын төлемегені анықталды. Мұның анық-қанығына жеткен облыс прокуратура қызметкерлері 2011-2012 оқу жылы мен биылғы жылдың осы кезеңіне дейін 72 студентке осынша берешек жиналғанын жария етті.
*Астана-Семей бағытында жүрдек пойыз қатынасы ашылады. Ол алдағы 25 тамыз күні «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған «Астана-Семей» №63/64 жүрдек пойызы болып жолға шығады.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.