Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тақырыбында өтіп жатқан онлайн баспасөз конференциясында айтты.
«Төтенше жағдай кезінде Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдауда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұрақтандырылатын болады. Төтенше жағдай режимінде барлық ел болып ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Біз тамақ өнімінің бағаларын көтеруге, алып-сатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз және тиісті құқықтар мен инструменттер жеткілікті. Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік беретін болады. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын құқықтары бар. Сондықтан осындай шара қолданылатын болады» деді Бақыт Сұлтанов.