• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2020

Іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылады - Өркен Бисақаев

140 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев мәдени іс-шараларға сатылған билеттердің  қаражаттары тиісті мәдениет ұйымдары тарапынан қайтарылатынын айтты.

- Қазақстан аумағында және шет елде өткізілуі жоспарланған гастрольдік қызмет пен басқа да іссапарлар, концерт, спектакль, қойылым, форум, семинар, конференция, дөңгелек үстел, көрме және т.б. секілді іс-шаралар өткізілмейтін болды. Сондай-ақ  кітапханаларда, музейлерде келушілерді қабылдау, сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра объектілерінде экскурсиялар және қызығушылықтары бойынша үйірмелер және өзге де секциялардың жұмыстары бойынша қызметтер көрсету уақытша тоқтатылды, - деді Өркен Бисақаев.

Оның айтуынша, тоқтатуға жататын іс-шараларға сатылған билеттердің қаражаттары тиісті мәдениет ұйымдары тарапынан қайтарылатын болады.