• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Наурыз, 2020

Спортшылардың жарыстарға баруына тыйым салынды - Өркен Бисақаев

286 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев спорттық жарыстардың тоқтатылуы жайында пікір білдірді.

«Қазақстан аумағында жоспарланған 15 халықаралық спорттық жарыс алынып тасталды. I, II, III санаттағы коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерге спорт түрлері бойынша ұлттық құрама және облыстық команда мүшелерінінің жарыстарға баруына тыйым салынды. Коронавирусты жұқтыртпауды алдын алу мақсатында отандық спортшылардың өзге елдерге жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына шығуға, барлық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салу жөнінде Ұлттық Олимпиадалық және Ұлттық Паралимпиадалық комитеттеріне, спорт түрлері бойынша федерацияларға, министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарына және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық әкімдіктерге хаттар жолданды» деді Өркен Бисақаев.

Сондай-ақ ол барлық туроператор мен турагенттерге белгіленген тәртіппен тоқтатылған турмаршруттар үшін қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылғанын айтты.