Түркияда коронавирус жұқтырғандардың жаңа 29 жағдайы тіркелді. Осылайша, індет жұқтырғандардың жалпы саны 47-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.
- Жаңа науқастарды қоса есептегенде инфекция жұқтырғандар саны 47 адамға жетті, - деп жазды ол.
Фахреттин Коджа расталған жағдайлардың көпшілігі шетелге шығумен тікелей байланысты екенін атап өтті.