Қазалы ауданаралық ауруханасының екінші ғимаратында 50 төсек орындық обсервациялық стационар ашылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауданда коронавирус инфекциясы анықталған жағдайда науқастармен қарым-қатынаста болғандар осы орында оқшауланады.
Ғимараттың 1,2 қабаты жылы сумен «Аристон» құрылғысы арқылы қамтамасыз етілген, 3 қабаттағы бөлмелерге су жылытқыштар орнатылуда.
Стационар палаталарында температуралық режим сақталған. Төсек жаймаларымен, залалсыздандыру құралдарымен толық қамтылған.