• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Наурыз, 2020

Салық мөлшерлемелерін белгілеудің тәртібі анықталады - Асқар Мамин

151 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Асқар Мамин үш күндік мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа формаларын енгізу бойынша қаулылар жобаларын дайындауды тапсырды.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарын іске асыру үшін біз салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілеудің ерекше тәртібін анықтау, бюджетті қалыптастыру мен орындау, мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау бойынша көптеген шешімдерді қабылдаймыз. Жалпы, кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдаудың жаңа шаралары 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашады», деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.