• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Наурыз, 2020

Барлық мемлекеттік сатып алу жалпыға бірдей берілген тәртіппен жүзеге асады

163 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов дағдарыс кезеңінде мемлекеттік сатып алудың тәртібі қалай жүзеге асатынын айтты. 

- Дағдарыс жағдайында маска немесе қорғау құралдарын сатып алу, аурухана салу және тағы басқа әрекеттерде тез әрекет ету қажет. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және жекелеген өнім берушілерді айқындау бойынша өкілеттіктер беріледі. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар Қазақстан Президентімен келісілетін болады. Барлық мемлекеттік сатып алу жалпыға бірдей берілген тәртіппен жүзеге асады, - деді Әлихан Смайылов.