Облыс әкімдігі баспасөз орталығының хабарлауынша, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Қостанай облысы әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы тоқтатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз орталығы.
Азаматтар облыс басшылығының атына жазған өтініштерін Электрондық Үкімет (ЭЦҚ болған жағдайда) порталына жібере алады немесе мына байланыс телефондары бойынша хабарласа алады: 575-084, 575-057.
Қостанай