• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Наурыз, 2020

Жансая Әбдімәлік Лозаннадан табысты оралды

234 рет
көрсетілді

Шахматтан Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Гран-при турнирінде табысты өнер көрсетіп, үшінші орынды иеленген Жансая Әбдімәлік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

- Иә, екінші турда Нана Дзагнидзеге қарсы өте сүренсіз ойнағаным рас. Осы сәтсіздіктен сабақ алдым. Одан кейін жарыс кестесіндегі жағдайды түзетуге тырыстым. Турнир барысында бірнеше керемет партиялар өткізіп, ақыры көздеген мақсатыма қол жеткіздім. Бір сөзбен айтсам, Лозаннадағы өнеріме көңілім толды. Кіл мықтылар бас қосқан жарыста осындай тамаша нәтижеге қол жеткізе алғаныма өте ризамын. Одан кейін Рейкьявикке аттануға тиіс едім. Бірақ ол турнир өтпейтін болды. Енді елге оралдым. Біраз тынығып алғаннан кейін тамыз айында Мәскеуде өтетін Олимпиадаға даярланамын, - дейді қазақстандық шахматшы.

Естеріңізге сала кетейік, Лозаннада өткен жарыстың қорытындысы бойынша Жансая Әбдімәлік 6,5 ұпай олжалап, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ал қазақ қызынан жарты ұпай ғана артық жиған грузиялық Нана Дзагнидзе мен ресейлік Александра Горячкина бірнші және екінші орындарды өзара бөлісті.