• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Наурыз, 2020

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді - Ерлан Тұрғымбаев

350 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев патрульдер саны көбейіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілгенін айтты.

«Ішкі істер министрлігі мынадай шараларды қабылдады. Жеке құрам қызмет атқарудың ерекше режиміне көшірілді. Ішкі істер органдарының негізгі міндеті - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 8000-нан астам қызметкерлер және Ұлттық ұланның 4000-нан астам әскери қызметкерлер шақырылды. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарды күзету қатаң бақылауға алынды. Патрульдер саны көбейіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді. Медициналық қызметкерлермен бірге коронавирусты жұқтырған күдікті азаматтарды анықтау туралы шаралар қабылданып жатыр. Сонымен қатар коронавирусты инфекциялауға қарсы іс-қимыл әрекеттер бойынша Ішкі істер министрлігі жедел штабы құрылды» деді ол.