Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді. Бұл туралы ел Президенті Тwitter парақшасында жазды.
«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.