Қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен Алматы су алабында 18 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен Алматы су алабында 18 наурызда қар көшкіні жүруі мүмкін. Қар көшкіні жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар» делінген хабарламада.